Қазақстан мен Ресей құтқарушылары бірлескен жаттығу өткізді

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы орман шаруашылығында өрт шығып, оны сөндіруге Ресейдің құтқарушылары да тартылды.

Бұл аумақ шекара маңында орналасқан. Өрттің жалпы ауданы 120 гектарға жетті. Мамандар жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялап, шарпыған отты сәтті сөндірді. Бұл Қазақстан мен Ресей құтқарушыларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарының сценарийі болды. Екі елдің мамандары трансшекаралық өрттерді сөндіру кезіндегі бірлескен іс-қимылдарын пысықтап, қойылған міндеттерді атқарды. Сондай-ақ бұл жиындарға еріктілер, «Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің де қызметкерлері тартылды. Жалпы бірлескен оқу-жаттығуға екі жақтан 170 құтқарушы мен 25 бірлік техникасы қатысты. Шара соңында Атырау облысы мен Астрахан өңірінің өрт сөндірушілері арасында футбол ойыны ұйымдастырылды.