Президент: Туризм серпінді жобалар қатарында болуы керек
Елде туризмді дамыту бойынша 15 ірі жоба дайындалу керек.
Жолдауда еліміздің туристік әлеуетін пайдалану міндеттелді. Президент өз сөзінде осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатқанын сынға алып, еліміздің басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келе жатқанын айтты. Сол себепті серпінді жобалар түзуді тапсырды. Тиімді қолдау шаралары мен оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керектігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев "Бұл үшін шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн" деді.