Отандық ғалымдардың 7 технологиясы коммерцияландырылды
Бұл ғалымдарымыздың инновациялық жұмыстарын таныстыруға арналған онлайн жүйенің арқасында іске асқан.
Мұны Ғылым қорының департамент директоры хабарлады. Құрманғазы Омаровтың айтуынша, өңірлерде сала мамандарына жағдай жасалмаған. Сондықтан республика аумағында инновациялық топтар құрып, ғылыми қызметкерлерді қолдау қажет. Бұл бағытта Ғылым қоры бірқатар жобаны іске асырмақ.
Еске салайық Президент халыққа Жолдауында инновациялық жобаларды іске қосу үшін венчурлық қаржыландыруды қолдану маңыздылығына тоқталған.
Құрманғазы Омаров, Ғылым қорының инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры:
- Дамыған шетелдің тәжірибесіне сүйенсек, нарықтық экономикасы бар елдердің осы инновациялық жобалардың қаржыландыру көзі ол Үкімет емес, жеке бизнес тарапынан әртүрлі қаржылық құралдар болып табылады. Сондықтан да біз сол деңгейге жету мақсатында мемлекет тарапынан қаржыландыруды азайтып, жалпы бизнес тарапынан қаржыландыруды көбейту мақсатына бірқатар іс шаралар жүзеге асыруымыз керек. Бұл міндетті біздің президентіміз де өз жолдауында нақты қойды.