Су шаруашылығын цифрландыру суды үнемдеуге септеседі
«Агрокешенді дамыту үшін су шаруашылығын қолға алу керек. Осыған орай су үнемдеу, су беру яғни, ирригация, мелиорация мәселесі түбегейлі жаңаша көзқарасты талап етеді».
Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Күнсұлу Закарья осылай дейді. Ғалымдар бұған қатысты өздерінің ғылыми көзқарастарын резолюцияға түсіріп қойған. Қазір құжат үкіметтің қарауында жатыр. Олар «Су шаруашылығының инфрақұрылымы ескірген. Жаңадан су қоймасын салу қажет. Оған қоса саланы цифрландыру маңызды»,- деп санайды. Мемлекет басшысы жолдауда атап өткендей, қазір елімізде су шаруашылығы нысандарының 60 проценті тозып тұр.
Күнсұлу Зәкәрия ҚР Президенті жанындағы ҰҒА президенті:
- Агротехнологияны қарастыратын болсақ, агротехнологияны сусыз су мәселелерін шешпей шешуге болмайды. 1327 ҰҒА өзінің күшін агротехнологияға салып отыр. 1437 Қазақстанда өзіміздің астық тұқымдары болса да олар аз. Жеткіліксіз. Сол жұмыстарды ғылыми институттармен, ғылыми университеттермен қолға алып өзіміздің астық тұқымдарын табиғатқа қарай, жеріне қарай көбейтуіміз керекпіз.