Оқу-жаттығу. Өскеменде жанармай бекетіндегі өрт сөндірілді
Өскемендік құтқарушылар жанармай құю станциясында болған апатты жоюға қатысты дайындығын пысықтады.
Арнайы оқу-жаттығу кезінде бекетте газ жарылып, оқиға орнынан адамдар қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт дер кезінде сөндірілді.
Естеріңізде болса, биыл маусым айында Шемонаиха ауданында жанармай бекеті отқа оранып, соның салдарынан екі адам мерт болған еді. Осы оқыс оқиғадан кейін өңірдегі жанармай құю станциялары жаппай тексеріліп жатыр.
Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД бас маманы:
- Жергілікті полиция қызметімен бірге мына газбен жүретін көліктердің жағдайын тексеру бойынша жедел шараларға қатысамыз. Снымен қатар мұндағы ең бір қазіргі кездегі тыйым салынып жатқан нәрсе, бұл – жабық паркингтерге тұрмау туралы осындай мәселелерді тағы да пысықтап, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз.