Құмар ойындарының жарнамасы шектеле ме?
Елде бәс тігуге басымен кірген лудомандар көбейіп барады.
Бұған қаптап кеткен құмар ойынның жарнамасы әсер етіп жатыр.
Осыған байланысты, мәжіліс депутаттары жер жаратын жарнамаларға шектеу қоюды ұсынып отыр.
Букмекерлік кеңселердің кесірінен, әбден қарызға батқандар отбасында да жанжал шығарып, арты қайғылы оқиғаға айналып жатыр. Бұл мәселені қатаң бақылау қажет,-дейді депутаттар.
Айта кетейік, құмар ойындарының жарнамасына қатысты заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.
Павел Казанцев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Жарнамадағы «оңай олжаға» адамдар сеніп қалады. Соның әсерінен отбасыдағы жағымсыз жайттар көбейіп кетті. Біз бұл мәселені қатаң бақылауымыз керек. Көшеден, ғимарат ішінен, спорт алаңдарынан, алып тастау керек. Мәселен, қазір футбол көруге барсаң, букмекерлердің жарнамасынан көз ашу мүмкін емес.