Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті

Елде жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам әйелге 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант берілді.

Тағы 3 мыңнан астамы жалпы сомасы 13 миллиард теңгеден асатын жеңілдетілген несие алған. Қазір олар өз ісін дөңгелетіп отыр. Бұл туарлы Петропавлда өткен солтүстік өңірдегі ауыл әйелдерінің форумында айтылды. Жиынға Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері қатысты. Онда бизнес негіздері, кооперация құру және фермерлік дағдыларды дамыту жайы сөз болды.

Жалпы айта кету қажет бүгінгі күні Қазақстандағы әйелдердің 42%-і ауылды жерлерде тұрады.

Майра Айсина, форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- 6 жыл болды облыс, республика деңгейінде біз осы форумды өткізіп жүрміз. Ауыл ел бесігі болатын болса, ол бесікті кім тербетеді? Әйел тебетеді. Сондықтан осы ауылдың дамуы, ары қарай өсуі осы біздің әйелдердің қолында емес пе деген сұрақ туындайды. Сондықтан біз осы ауыл әйелдерімен жұмыс істеп келе жатырмыз.