Атыраулық өнертапқыш әмбебап техника ойлап тапты
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылының тұрғыны Төлеген Бисенғалиев қысқы мал азығын дайындау кезінде адамға күш түсірмейтін жаңа технология ойлап тапқан.
Шаруа бесаспап техниканы қажетіне жаратып жүр. Үлкен орама шөп өз алдына, шағын шабындықтан орылған мал азығын ысырапсыз жинап, көлікке тез тиеп алудың тәсілін тиімді пайдаланған. Жаңа технология алдымен адам күшін үнемдесе, екіншіден уақытты айтарлықтай қысқартады. Төлеген ойлап тапқан жаңа техника әзірге патент алған жоқ. Бірақ ауданда айтарлықтай сұранысқа ие болып отыр.
Төлеген Бисенғалиев, өнертапқыш:
- Бір-екі кісімен шөпке жүре береміз. Жеңіл. Бір тәулікте 2-4 телешке тиейміз. 2 сағатта 2 рейс шөпті артып аламыз. Бір жылдары айырмен шөп көтере алмай қалғасын осыны ойлап таптым. Өнімділігі жақсы, көп пайда, бізге. Бұл – 4 адамның жұмысын атқарады. Өзі жинайды, тиейді, өзі тартып шөпті түсіреді.