2 мың ауыл сапалы интернетпен қамтылады

Келер жылдың соңына дейін 2 мыңға жуық ауылды, сапалы интернетке қосу көзделіп отыр.

Бірінші кезекте ғаламтор мүлдем жоқ 400-ден астам ауылдық елді мекен қамтылады. Бұл жұмыстарды "Қазпошта" және "Қазақтелеком" компаниялары бірлесіп қолға алмақ. "Қазпошта" АҚ басқармасының төрағасы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Қоғамдық кеңес отырысында осылай деді. Пилоттық жоба сәтті іске асып жатса, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан субсидия бөлу қарастырылады. Шалғай жатқан ауылдарға жылдамдығы жоғары интернет тарту арқылы "Қазпошта" халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты, цифрлық қызмет көрсетуге ниетті. Тағы елді мекендерге бірінші қажет-тіліктегі тауарларды, ұдайы жеткізіп отыру жоспары да бар.

Әсел Жанасова, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы:

- Спутниктік интернеттік операторлармен бірге қосылып, осы жылы Батыс Қазақстандағы ауылдарды қосамыз. Одан кейін Оңтүстік Қазақстандағы ауылдарды қосып, ауылдық адамдарға пошталық, қаржылық қызметтерден басқа телемедицина, онлайн оқыту, сондай сервистерді қосу жақсы интернеттің болуына маңызды.