«Астана Опера» жаңа маусымын ашты
«Астана Опера» театрының жаңа маусымы аты аңызға айналған "Абай" операсынан басталды.
Музыкалық шығарма жаңа форматта көрерменге жол тартты. Бұл жолы спектакль отандық дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен орындалды. Сахнада театрдың үздік солистері өнер көрсетті. Абайдың басты партиясын Жанат Шыбықбаев орындады. "Абай" операсы махаббат, жақсылық пен жамандықтың таласы туралы баяндайды.
Алан Бөрібаев, «Астана Опера» театрының бас дирижері, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Біздің театрдың басты міндеті - Ұлттық өнерді қолдау. "Абай" операсы сияқты тарихи туында біздің театрымыздың бетке ұстар қойылымына айналды. Біз оны шетелде де көрсеттік. "Абай" операсына арнайы келетін тыңдармандырымыз көп.