Оралда іскер әйелдер тынымбағы ашылды

Жоба кәсіпкер қыз-келіншектердің қаражаты есебінен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, 27 миллион теңге жиналған. Бұл демалыс орнында қолына қиял құсын қондырған арудың мүсіні орнатылды. Осы арқылы әр әйелдің өз бизнес жобасын іске асыруына мол мүмкіндік барын айтқымыз келді, - дейді кәсіпкерлер. Қазір аймақтағы іскер әйелдер кеңесі құрамына 2 мыңнан астам қыз-келіншек мүше. Олардың қатары жыл сайын артып келеді.

Ляна Тұрсынова, облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы:

- Біз қаланы көркейтуге үлес қосып қана қоймай, өзге кәсіпкерлерге де үндеу жасағымыз келді. Бизнес өкілдері қоғамға қажетті игі істер атқаруы қажет. Бұл тынымбақ – ел аумағында іскер әйелдердің қаражаты есебінен ашылған алғашқы демалыс орны.

Ерғали Бекешов, мүсінші:

- Тәжірибем жеткенше, білімім жеткенше осы жұмысты жасап шығардық. Ол – төзімді материалдан жасалған мүсін, тат баспайтын темірден. Астындағы тас – гранит тас. Табиғи күйінде формасын сындырмай, соны осы композицияға үндестіріп, үйлесімдік бар.