Баянауылдағы Мұрсаловтар әулетінің үлкендері ғұмырын ұстаздыққа арнаған

Баянауылдағы Мұрсаловтар отбасы – облыстық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы.

Бұл әулеттің үлкендері ұстаздық жолды таңдап, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Ұлағатты ұстаздар қауымының жалпы еңбек өтілі – 193 жыл. 

Отағасы Ілдебай Мұрсалов – 4 жасында ұлы тұлға, тарихшы ғалым Ермұхан  Бекмахановтың ақ батасын алған азамат. Сол сәт бейнеленген фото отбасында көздің қарашығындай сақтаулы. Ілдебай Закарьяұлы 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, ұстаздық жолын бастайды. Кейін бірнеше мектепке басшы болып, еңбек етеді. Ал отанасы Сәлимаш апай 11 жылын ағарту ісіне арнады.

Ілдебай Мұрсалов, «Мерейлі отбасы» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Апаларыңмен танысып, киноға бардық, көше араладық. Тағы сондай қызықтарды бастан кешірдік. Сосын бұл кісі мойынсұнып қалды ғой маған.

Сол сәттен бері Ілдебай ағамыз бен Сәлимаш апайдың жұбы ажырамаған. Олар 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, балаларының бойына жақсы қасиеттерді сіңіре білді. Бүгінде немере-шөберенің қызығын көрген бақытты отбасы.

Ілдебай Мұрсалов, «Мерейлі отбасы» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Сәби бала, өзімнің бірінші тұңғышың болса, оған қуанбайтын адам жоқ қой. Бала іште жүргенде де қуанып жүрдік. Енді анасынан бөлініп, сыртқа шыққан кезде ұл баладан тәтті, ұл баладан ыстық өзіңе жоқ. Бірақ дәстүрлі құндылықты сақтағандықтан, біз әке-шешеміздің көзінше ұл баланы сүйіп, ұл баланы иіскеп, «Ой, құлыным» деп айтпайтынбыз.

Қазақ халқына дән дәстүрлі құндылықтар негізінде бала тәрбиелеу – Мұрсаловтан отбасына тән қасиет. Содан болар қыз балалардың барлығы қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдап, әке жолын қуды.

Айнагүл Мұрсалова, «Мерейлі отбасы» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Енді айтты бірден, дұрыс болады өйткені, міне, Тәуелсіздікті енді ғана алып жатырмыз. Бізге қазақ тілі мамандары керек. Енді оқуда мен ер балалардың тәрбиесіне көңіл бөлемін. Мектеп жасындағы қыз балалар өте белсенді келеді. Ер баланы алдына шығарып сөйлетуіміз керек. Ертең болашағымыз сол ер балалар. Қыз баладан гөрі, сондықтан да.

Мұрсаловтар – спортқа деген ынтасымен ерекшеленген жанұя. Келіні Жазира мен күйеу балалары мен немерелерінің барлығы асық атудың хас шеберлері. Республикалық деңгейде жүлдері орындарға ие болып, отбасының мәртебесін асқақтатқан.

Айнагүл Мұрсалова, «Мерейлі отбасы» байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы:

- Әкем шахмат ойнайды өте жақсы. Мені бала кезімнен шахматқа берді. Содан кейін мүмкін математика мұғалімі мамандығын таңдап. Қазіргі кезде мектебімізде спорттық ойындар болады ғой. Сонда шахмат ойналады. Сонда мектеп атын қорғап, қала бойынша. 

Ұлттық ойындарды дәріптеу де – Мұрсаловтар отбасының игі қасиеті. Ал ұлы Арман тазы өсіріп, аңға шығады. Күйеу баласы Алмас Сағындықов ауданда көкпар ойынын дамытып жүр.

Мұрсаловтар отбасы келер ұрпақты отанды сүюден, елге адал еңбек етуден жалықпайды. Содан болар Ілдебай Закарьяұлы шәкірттерінің арасында «Ұстаздардың ұстазы» атанып кеткен. Ақсақалдың ізін басқан немере-шөберелері де өмірлерін мұғалім атты абыройлы мамандыққа арнамақ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова және Марат Игіліков.