Елде жаңа газ кен орны іске қосылады
Елімізде жыл соңына дейін жаңа Анабай газ кен орны іске қосылады.
Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы мәлімдеді. Санжар Жаркешов қазір Придорожное кен орнын игеру жұмыстары пысықталып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ газ саласын реформалау барысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуді, сонымен қатар жылыту маусымына уақтылы дайындалуды тапсырды.
Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы:
- Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасына ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуге, жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізуге және баға белгілеу ісін реформалауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.