BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығы құрылады

Еліміздегі балалардың құқығы 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында қорғалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті қаулыға Үкімет басшысы қол қойды. Бұл үшін қосымша 1000 педагог-психолог пен 2000 әлеуметтік педагог даярлау көзделіп отыр. Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін, біліктілігі жоғары педагогтердың үлесі жыл сайын 33%-ке артады. Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығы құрылмақ. Сонымен қатар өңірлер бойынша тәуекелдердің интерактивті картасы жасалады.