Атырау облысындағы «Жылыойсу» мекемесі кәріз суын рұқсатсыз төккен

Атырау облысындағы Құлсары қаласында «Жылыойсу» мекемесі тазартылмаған кәріз суын қала сыртына рұқсатсыз төгіп келген.

Соның кесірінен аумағы 150 мың шаршы метрге тең сасық көл пайда болды. Аумақ төрт-түліктің жайылымы болғандықтан тұрғындар дабыл қағып отыр. Ауданда кәріз суын тазарту кешені жоқтығынан сарқынды су қала шетіне аққан. Жергілікті билік кәріздік-тазарту қондырғысының құрылысын жалғастыруға ниет танытпай отыр. Бірнеше жыл бұрын салына бастаған  кешеннің қазір қаңқасы ғана тұр

Нұрлан Жахин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының  бірінші орынбасары:

- Сарқынды сулардың рұқсатсыз төгілуі департамент қызметкерлері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында анықталған болатын. + Жылыой аудандық сотының қаулысымен «Жылыойсу» мекемесі 274 млн теңгеден астам айыппұл төлеу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Экология саласы осы өңірде проблемалық сала болғандықтан мониторинг жиі жүргіземіз.