Елдің 3 қаласында мыңға жуық 5G базалық станциясы орнатылады
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желісін қамтитын мыңға жуық базалық станция орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін жыл соңына дейін 600 базалық станция орнату жоспарланған болатын. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс қарқынын ұлғайтуға мүмкіндік туғанын айтты. Ал ел бойынша қажеттілікті қамтуға 3 жыл уақыт жұмсалады. Әзірге жоғары сапалы 5G желісі республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында қолжетімді.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Біз қазір операторлармен байланысқа қатысты проблемалар бар қалаларда сапаны жақсарту бойынша жоспарларды орындау жөнінде тыңғылықты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Операторлар өз клиенттері үшін, байланыс стандарты азаматтардың талабын қанағаттандыруы үшін күш салып, өз желілерін дамытуы талап етіліп отыр.