Ел игілігіне берілген емхана

Созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарға күнара ем қабылдау қажет.

Сондықтан шалғай ауылдардың тұрғындары да гемодиализ орталықтарына зәру. Осындай мұқтаждықтан Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында да аталған орталық ашылып, 60 азамат оның игілігін көріп отыр. Олар бұған дейін аптасына 3 рет Алматыға сабылған екен.

Ырысбай Қайпиев, Жамбыл ауданының тұрғыны:

- Біз басында дәрі-дәрмек те ала алмайтынбыз. Керек болса мынандай жабыстыратынның өзін сатып алатынбыз. Басында ауылдағы ауруханаға көрінгенде...

Ең бастысы – науқастар бұл қызметтің барлығын тегін алады. Себебі медициналық мекеме салуды жергілікті тұрғын Президенттің «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасын қолдау мақсатында қолға алыпты. Екінші қабатында 15 мың адамға арналған емхана да бар екен. Бүгінде бас-аяғы 80 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Арайлым Еркінбаева, кәсіпкер:

- Жолдауға қолдау көрсетіп, мына медицина саласында жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер: «Туыңды туған жерге тік», - деп өзіміздің туған жеріміздің науқастары медициналық қызметті қолжетімді жерден алсын деген бағытта осы клиникаларды ашқан болатынбыз. Біз жекеменшік медициналық клиникалар ғимарат тұрғызамыз, аппараттармен қамтимыз. Ал қызмет алуға қаражатты мемлекет бөледі.