ҰҚШҰ-ның қызметіне қатысты заң жобасы мақұлданды

Сенаттың бүгінгі отырысында үш халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдар мақұлданды.

Нақтырақ айтқанда, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының қызметіне қатысты жекелеген мәселелерді реттеу. Оның әлеуетін Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Аталған заңдардың бірінде «үйлестіруші мемлекеттің» болуын көздейтін норма бар. Бұл ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бітімгершілік операцияларға қатысуы үшін біріккен ұлттар ұйымы қоятын талап екенін атап өткен жөн.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Сонымен қатар заң аясында мүше-мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету, материалдық-техникалық т.б. саладағы өзара іс-қимыл негіздері мен шарттары анықталды. Бұл заңдар Ұйымның бейбiтшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы іс- шараларының тиімділігін арттыруға он үлесін қосады деп сенеміз.