Талдықорғанда театр маусымы «Мұғалім» премьерасымен ашылды
Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театры жаңа маусымды «Мұғалім» спектаклімен ашты.
Жас драматург Қолқанат Мұраттың шығармасы негізінде әзірленген бұл қойылымның режиссері – Данияр Базарқұлов. Премьерада ине шаншар орын болмады. Себебі онда көтерілген тақырыптың ауқымы өте кең, әрі бүгінгі заманмен үндес. Мұғалімнің қоғамдағы беделі, ата-ана мен баланың, ұстаз бен оқушының арасындағы қарым-қатынас жан-жақты көрсетілгендіктен, көрерменді бей-жай қалдырмады. «Мұғалім» қойылымын биыл 100 жылдығы аталып өтіп жатқан Бикен Римова апамыздың атындағы Талдықорған драма театрында сахналаудағы мақсатымыз – көзі қарақты көрерменге «Біз адам болып қала аламыз ба?» деген ой тастағымыз келді. Бүгінгі жастар мен келер ұрпақты азамат ретінде қалыптастыратын осы ұстаздар қауымы. Сондықтан қоғамдағы мұғалім мәртебесін көтеруге бәріміз бір кісідей атсалысуға тиіспіз», – деді қойылым режиссері Данияр Базарқұлов.
Данияр Базарқұлов, режиссер:
- Айтар ойы бар, тәрбиелік мәні бар. Мұны тек мұғалім ғана емес, оқушы ғана емес, ата-ана да көруі керек. Бәрі көретін, қоғамның жараларын түртетін жерлері өте көп деп ойлаймын. Бір жарым айда сахналанды спектакль. Әртістер өте талантты.
Қанат Тілеухан, көрермен:
- Ұстаздар, ата-аналар көрсе құба-құп болады деп есептеймін мен. Өйткені бұл кәдімгідей ойға батыратын, ойлантатын, бүгінгі болып жатқан актуалды проблемаларды алдымызға алып келетін дүние. Режиссер бәрібір дайындық барысында болғанмен, сахнада болмайды. Сондықтан актерлардың бір ішкі толғаныстарын, тебіреністерін, импровизациясын көргім келеді.