Алматыда ерекше арт нысандар топтамасы пайда болды
Алматыда ашық аспан астында тағы бір ерекше арт нысандар топтамасы пайда болды.
Оны Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің алдынан көруге болады. Дарынды суретші, мүсінші Сәкен Нарынов «Текшенің алты күйі» көркем туындысында күрделі металл конструкциялары арқылы адамның сезімдерін, эмоциясы мен көңіл-күйін өте дәл бейнелеген. Мәселен, суретші «Қысым» деп атаған мына текше ширыққан көңіл күйді дөп басады. Суретші бұл жұмыстарын пандемия кезінде жасап, қайтыс болардан бұрын музей қорына тапсырған. Ерекше туындылармен танысқан шетелдік қонақтар осы көрмені өз елдерінде өткізу туралы ұсыныстарын айтты. «Арт нысандар суретшінің бірегей шығармашылығына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді», - дейді музей қызметкерлері.
Екатерина Резникова, көрме кураторы:
- Бұл шығармалардың әрқайсысы адамның белгілі бір көңіл-күйін, жан-дүниесін бейнелейді. Ал алуан эмоцияны өте күрделі материал арқылы көрсету суретшінің шеберлігі дер едім. Металл арқылы шығармашылық ойды дәл беруді, оны жасауды елестету қиын, бірақ суретші оған қол жеткізді. Осы жұмыстар арқылы көрнекті шебер, сәулетші және мүсінші Сакен Нарыновтың шығармашылығымен кең аудиторияны таныстыру мүмкіндігіне ие болғанымыз біз үшін өте маңызды.