Сарапшы: Жерасты суларын толық зерттеу керек

Қазақстан трансшекаралық су көздеріне жартылай тәуелді болғандықтан, көрші елдермен болатын су тапшылығы мәселесінің үнемі алдын алып отыру керек.

Тағы суды тиімді пайдалану бойынша жоғары технологияларға ие елдермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу қажет. Инвестиция тарту жұмыстарына баса мән берсек игі, дейді Өңірлік зерттеулер орталығының директоры Ерлан Кәрімов.

Ерлан Кәрімов, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өңірлік зерттеулер орталығының директоры:

- Мемлекет басшысы қардың суы деп жатыр ғой, соны қолдану арқылы және су құбырларын, ауыл шаруашылығының ирригациялық жүйелерді қалпына келтіретін болсақ, бұл мәселе сәл де болса азаяр еді.