Елде ең төменгі жалақы мөлшері артады
Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі - ел экономикасына оң әсерін тигізеді.
Себебі нарықта тауарлар мен қызмет түріне сұраныс артады. Экономикалық зерттеулер институтының өкілі Ерділдә Таутенов осылай дейді.
Еске салайық, қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге шамасында, 2024 жылы 85 мың теңгені құрайды.
Ерділда Таутенов, экономикалық зерттеулер институтының макроэкономикалық болжау орталығының директоры:
- Жұмыс беруші өзінің жұмыскерлеріне ең минималды төлейтін ақшасы. Яғни жұмыскерлердің табысы артады деген сөз және ол артылған табысты өзінің қажеттілігіне жұмсап, экономикадағы тауар мен қызметтерді артық пайдаланады деген сөз. Ол сұранысты арттыру үшін бизнесмендер, яғни өнеркәсіп өздерінің тауарлары мен қызметтерін арттырады. Макроэкономикалық тілмен айтқанда ЖІӨ өседі деген сөз.