Павлодар облысындағы Қозыкеткен ауылында мектеп жаңарды

Қозыкеткен ауылының оқушылары жаңа оқу жылын жаңарған мектепте бастады.

Павлодар облысында «Ауыл-Ел бесігі» - бағдарламасымен 4 жылда 66 ауылдың әлеуметтік, инфрақұрылымдық жағдайы түзелді. Мектеп медициналық мекемелер, мәдениет және спорт нысандары жаңғыртылды. Жолдар жөндеуден өтті.

Қозыкеткен кезінде 2 мыңнан астам тұрғыны бар дүркіреп тұрған ауыл еді.    Кейінгі жылдары адам  саны азайып, мектебі тозып кетті.   Іргесі 30 жыл бұрын қаланған білім ошағы    «Ауыл –Ел бесігі» -   бағдарламасы аясында алғаш рет күрделі жөндеуден өтті.  Мектептің жаңаруы  елдің де еңсесін  көтере түскен. 

Жақсыбек  Баймолдинов, Қозыкеткен ауылының тұрғы:

- Ауыл әдеміленді. Қанша жол асфальт салынды міне, жақсы. Су бар бізде, енді газ өткізсе қалада сияқты тұрамыз енді. Түгелі жақсы, мектепті қалай істеді көрдіңіз.

Жөндеу  жұмыстары мектепті толық қамтыды. Екі қабатты ғимараттың  іші -сырты түгел    жаңарған. Ескірген есік-терезелері ауыстырылыпты. Шатырға   металл  жабын төсел.

Айдарбек Исабаев, Қозыкеткен ауылы мектебінің директоры:

- Міне бірнеше күн жауын жауып жатыр. Қазір біз мәзбіз. Неге десеңіз жауын біздің мектепке ақпайды. Әйтпесе жауын жауса біздің мектепте шелектер қойып жүгіріп жүретінбіз, ағатын. Қазір міне үкіметке рақмет. Бізде екі жоба болды. Төбесі бөлек, абаттандыру бөлек. Төбесіне 83 миллион, сырты, ішіне 275 миллион сол бөлінген ақшалар.

500 жүз орындық білім ошағында 105 бала оқиды. Мектеп жанынан шағын орталық ашылып, жұмыс істеп тұр. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Өткен оқу жылында 8 түлек оқу грантына ие болған.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Баймолдинов бес баланың әкесі.  Ол сабақтан тыс уақытта    оқушыларды үстел теннисіне  баулиды. Жас маман жоғары оқу орнын тәмамдап, туған ауылына қайтып орған.

Қуаныш Баймолдинов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

- Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жұмыс істеймін. Жөндеуден кейін біздің мектебіміз мүлдем өзгерді. Спортқа бейім балалар саны артты. Оқушыларға жаңа зал ұнайды. Волейболды дамытып жатырмыз. Кешке қарай ауылдың ересектері де бізге келіп спортпен шұғылданады.

Оқушылардың үстел тенисінен  ауыз толтырып айтарлық жетістіктері бар.  Бір оқушы ауыл мектептері арасында ұйымдастырылған республикалық жарыста    үшінші орынға ие болыпты.  Жалпы командалық құрам  аудан  көлемінде үздік шыққан.   

Нина Тарасюк, мектеп оқушысы:

- Мен негізінен волейбол секциясына қатысамын. Бізде  дойбы, үстел теннисі, шахмат бар.  Спорт залымыз  өте керемет болды. Әсіресе едені ыңғайлы. Кең, жарық.  Өзімізге ұнайтын спорт түрлерімен шұғылданып,  ең бастысы денсаулығымызды жақсарта  аламыз. Маған бәрі ұнайды.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асқан төрт жылда  Павлодар облысында   он бір спорт нысаны, төрт  мәдениет үйі мен сегіз дәрігерлік амбулатория салынды. Сондай-ақ сексеннен астам әлеуметтік мекеме  жаңғыртылды.   Бағдарламаға биыл 26 ауыл еніп отыр. Елді мекендерді жаңғыртуға он миллиард теңгеге жуық  қаржы қарастырылған.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков