Елде әскери бақылаушылар дайындықтан өтіп жатыр
Елде алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысатын әскери бақылаушыларды дайындау бойынша пилоттық курс басталды.
Алматы облысындағы “Бітімгер” оқу орталығында өтіп жатқан шараға 10 әскери қызметкер мен нұсқаушылар қатысты. Бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операцияларына қатысатын әскери бақылаушылар шетелде дайындықтан өтетін. Енді, бағдарламасын еліміздің мамандары әзірлеген курс халықаралық ұйымның сертификаттауынан өтсе, өзге елдің әскери бақылаушылары біздің елде дайындалады. Бүгін-курстың шұғыл әрекеті, психологиялық дайындығы тексерілді.Жалпы Қазақстан бітімгерлері Ливан, Орталық Африка Республикасы, Мали, Батыс Сахара республикаларында бітімгершілік миссияларға қатысып жүр.
Диас Махмұд, курсқа қатысушы:
- Осы полигонға бара жатқан кезімізде біз білген жоқпыз, ешқандай да сезім болған жоқ, бәрі тұтқиылдан бізді тұтқынға алды. Тұтқынға алу барысында жоғары моральдік психологиялық дайындығымыздың арқасында осы тұтқынға алу барысындағы қиындықтарға шыдай білдік.
Бауыржан Нығметуллин, ҚР Қорғаныс министрлігі бітімгершілік операциялар орталығының басшысы:
- Ең бастысы - біздің қарулы күштеріміз үшін тәжірибе жинақтау маңызды. Өйткені біз орташа және төмен қарқынды қақтығыстарда біраз тәжірибе жинақтауға қатысуымыз керек. Біліктілік жүйесіне сәйкес, біз Мали мен Конго орта қарқындылықтағы қақтығыстар деп есептейміз. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Ең бастысы - бұл миссияларға кіру.