Шымкенттік шенеунік ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкенттік шенеунік 700 миллион теңгеден астам мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Ол қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша, сметалық құжаттамада жұмыс пен материал бағасын негізсіз қымбаттатқан. Қазір күдікті, Сот санкциясымен ұсталып, қамауға алынды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен істі Агенттіктің аумақтық департаменті тергеуде. Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.