Елордада «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары басталды
Оған еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық «ерекше» бала қатысады.
Жарыс үш күнге созылады. Спортшылар жеңіл атлетика, асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шағын футбол бәсекесінде сынға түседі. Турнир алғаш рет 2018 жылы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыста халықаралық паралимпиадалық ойындарға қатысушылар іріктеледі.
Әсемгүл Мурзамет, турнир ұйымдастырушысы:
- Бұл дода неге «Жұлдызай» деп аталады? Себебі біздің мақсатымыз – трамплин ретінде әр балаға өзінің жұлдызын жағу. Біздің үлкен мақсатымыз бұл балалар үлкен әлемдік жұлдыз болса екен. Паралимпиада чемпиондары, тіптен Олимпиада чемпиондары болсын деген ниеттеміз. «Жұлдызай» ұлттық инлюзивті ойындары, ол жыл сайын ұйымдастырылатын осындай көп спорт түрінен жалғыз дода.