Пайдаланусыз жатқан 8,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті

Былтырдан бері пайдаланылмай жатқан 8,3 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Оның 2,9 млн гектары биыл қайтарылған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Бүгін Үкіметте игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Қазір 183 іс сот қарауында жатыр. Тексеру нәтижелерінде заңды белшесінен басқандарға 156,3 млн теңге айыппұл салынды. Қазір оның 68%-ы өндіріліп алынды.