Қоғамда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейіп келеді

Енді оны заман талабына сай жаңғырту үшін тек құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмеу керек.

Сала мамандарының кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру саналы тұрғыда өзгерісті қажет етеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы осындай пікірде. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында «Адал Азамат» құндылықтарын нығайту бүкіл мемлекеттік аппараттың дамуына тың серпін береді. Агенттікте азаматтық қоғам, ғылым және жастар өкілдері мәселені дамыту тектіктерін талқылады. Еске салайық, былтыр жаңа Әдеп кодексі қабылданған. Онда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты нақты қағидалар бар.

Дархан Жазықбаев, МҚІА төрағасы:

- Біз мемлекеттік қызметшілердің профессионалдық деңгейін көтеру, олардың жұмысқа келе жатқан кезде «мен мемлекет үшін, халықтың дамуы үшін, елдің тұрақтылығы үшін жұмыс жасаймын» деп өзінің бойындағы бүкіл қасиеттерін, қабілетін мемлекетке арнау қажет. Осы бағытта біз жұмыстар жасаймыз.