Шымкентте жер бөлу кезінде кемшіліктер анықталды

Шымкентте бірнеше жер учаскелерін бөлу кезінде кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеру жұмыстары кезінде 850 гектар болатын жер телімдері аукционсыз үлестірілгені белгілі болды. Сондай-ақ жер бөлудің нақты есебі жүргізілмеген. Кәсіпкерлік объектілерін салу кезінде жоба бекітілмей тұрып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы арқылы заңсыз үлестірілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бойынша департаментінің бас маманы:

- Жер комиссиясына қатысты. Бұл жерде біз біраз кемшілікті анықтадық. Көбінесе, мысалы, компаниялар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша көптеген өтініштер береді. Бірақ бірінші, екінші берген кезде оған бас тартылады. Ал үшінші, төртінші берген кезде қайтадан келісіледі. Енді түрлі себептермен бұл жүйеден болды. Бұл бойынша да біз ұсыныстар бердік.

Алмас Қамбаров, қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Осы ұсыныс ретінде бұл заңдағы коллезия дейді ғой. Заңдағы келіспеушіліктер, бір-бірімен ұштаспаған мәселелер бойынша біз қазіргі таңда осы мәселелерді шешу үшін тиісті орталық уәкілетті органдарға хат жолдадық. Олар міндетті түрде орындалады. Ал ұзақ шешілуді қажет ететін мәселелер қосымша зерделеуді қажет етеді.