Astana Media Week апталығының екінші күні диджитал көрмесімен ашылды

Astana Media Week апталығының екінші күні диджитал көрмесімен ашылды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Альтернативная реальность» - жасанды интеллектті пайдалана отырып, Қазақстанның болашағына көз салу. Авторы - суретші Юлия «Юка» Кравченко.

Оның айтуынша, шығармалар бір тақырыппен - өнер мен жасанды интеллект симбиозымен біріктірілген:

«Бұл көрме - көп жылдық жұмыс пен зерттеудің нәтижесі. Мен болашақ, ондағы орнымыз және технологияның бұл әлемді қалай өзгерте алатыны туралы ойлануға итермелейтін өнер туындыларын жасау үшін жасанды интеллектті қолдандым».

Өңірлік БАҚ форумында жергілікті медианың әлеуеті мен болашағы талқыланды. Биыл Форумның күн тәртібі кеңейтілді – қазақстандық шындық қана емес, бүкіл Орталық Азия мен ТМД-ның проблематикасы қамтылды. Форум аясында өткен бірінші панельдік сессияның тақырыбы – «Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері: жылдамдық, ақпарат көлемі, бәсекелестік».

Пікірталасқа қатысушылар: Дмитрий Евлашков, «Ресей газетінің» Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігінің директоры (Ресей), Lee Chae Hwan, Қазақстандағы BIG OCEAN ENM (Оңтүстік Корея) өкілі, Ерболат Мұхамеджан, Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары, Руслан Сыздықов, AI-энтузиаст, нейрокреатор, digital-MediaWaves агенттігінің негізін қалаушы және Олжас Мырзағалиев, TENGRINEWS.KZ бас редакторы. Пікірталас модераторы - журналист, КТК телеарнасының жүргізушісі Дина Төлепберген.

Конвергентті журналистикада заманауи журналист не туралы жазатынын ғана емес, сонымен қатар аудиторияның әртүрлі сегменттеріне арналған контентті ойластырып, оны тарату арналарының картасын құра білуі керек, деді «Ресей газетінің» Орталық Азия бойынша аймақтық өкілдігінің (Ресей)  директоры Дмитрий Евлашков:

«Бұл әртүрлі алаңдарға бейімделетін мәтіндік контентті байытуға және әртараптандыруға, сондай-ақ аудиторияның сұранысын барынша қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Яғни, контенттің әр бірлігі бір уақытта әртүрлі медиа формаларда ұсынылады: мәтін, иллюстрация, анимация, инфографика, видео, аудио жазба. Мұның бәріне дамыған цифрландырудың есебінен қолжеткізіледі. Контент аудиторияның әртүрлі сегменттерінің қажеттіліктері мен қалауын қанағаттандыру үшін әртүрлі форматтарда жасалады. Әрбір пайдаланушы ақпаратты өзіне ыңғайлы платформада алады».

Ал Форум аясындағы екінші панельдік сессияда өңірлік БАҚ ең рейтингтік өңірлік жобалардың ULGI-кейстері ұсынылады. Талқылауға Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қорының басшысы, Өміржан Әбдіхалық, Arasha.kz өкілі, Телман Бейсенов, «Turkistan Media Holding» басқарушы директоры, Эльнора Розмут, баспагер, er10.kz бас директоры, Қазбек Кертаев, «Caspian news» телеарнасының директоры Зарина Қуатова қатысты. Модератор - «Халық үні» медиа холдингінің директоры Ринат Кертаев.

PUBLIC TALK пікірталас алаңының тақырыбы – жаңа этика. Қатысушылар медиа соңғы жылдары қандай құндылықтар эволюциясынан өткені туралы өз пікірлерін ортаға салды. Талқылауға Жайна Сламбекқызы, «Хабар» телеарнасының директоры, Амангелді Құрмет, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Алма Сайлауқызы, журналист, телепродюсер, медицина ғылымдарының кандидаты; блогер Өркен Кенжебек, «Qazaqstan\» РТРК, «Қазақ радиосы»-нан Мұхамедәлі Болатұлы және ҚҚДИ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қатысты. Модератор – медиа сарапшы, Ясауи атындағы ХҚТУ қауымдастырылған професслы, PhD Молдияр Еркебеков.

Astana Media Week-тің екінші күні «БЕЛГІСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН БАҚ-ТЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛАР СТРАТЕГИЯСЫ» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен аяқталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа медиа еркіндігі, ҚР медиа заңнамасында блогосфераны реттеу, ақпараттық кеңістіктегі этика мен жауапкершілік және жалған ақпаратқа қарсы тұруда тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылады.

Дөңгелек үстелге әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Ане Тынышбаева,Visiting Fellow Syracuse University өкілі (АҚШ), шақырылған ғылыми қызметкері Құралай Садықова, әдіскер және бизнес-тренер, ТМД спикерлері қауымдастығының мүшесі Жанна Ибраева, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Шаповалова Марина, журналист Айгүл Мукей, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің коммуникациялар қызметінің басшысы Рахат Жақсыбай, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Бауыржан Боқаев. Модератор - профессор, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының директоры Айгүл Көшербаева.

Мәдени бағдарлама аясында «МІРЖАҚЫП. ОЯН, ҚАЗАҚ!» фильмінің премьерасы өтті.

Astana Media Week 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Медиа апталыққа 2000-нан астам қонақ, қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның 60 топ-менеджері, 20-ға жуық республикалық телеарна мен 50-ден астам продакшн-компания қатысады. Astana Media Week Қазақстанда жетінші рет өткізілуде. Биылғы жылдың тақырыбы «MEDIA POWER: TRENDS, CHANGES, ETHICS» (Медиа күші: тенденциялар, өзгерістер, этика).

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.