Алматыда ресейлік интернет-алаяқ қолға түсті

Қарағанды облысының полицейлері ресейлік интернет-алаяқты Алматыдан ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам қазақстандықтарды 15 млн теңгеге алдап-соққан. Белгілі болғандай, күдікті Қарағанды қаласының 51 жастағы тұрғынын «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз» деп алдаған. Жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін алға тартқан. Соңында қарағандылық азамат алаяқтарға 5 млн 200 мың теңгеден астам қаражат жіберген. Әккі алаяқтардың қармағына түскенін түсінген ол дереу жергілікті полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты ізін суытпай тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.