«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Үздік еңбек әулеті» аталымында 1 орынды астаналық теміржолшылар әулеті жеңіп алды. Амангелдиновтар әулетіндегі 19 жанның осы саладағы еңбек өтілі 520 жылды құрап отыр. Ал Қарағанды медицина университетінің профессоры, хирург Нұрқаси Абатов «Жастардың үздік тәлімгері» номинациясында оза шапты. Жастар арасындағы «өндірістің үздік маманы» аталымында 1-ші орынды Абай облысындағы құс фабрикасында еңбек ететін бас ветеринар Әйгерім Аға-танова иеленді. Жүлделі орын алғандарға ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жалпы, республикалық байқауға  биыл 591 өтінім түскен. Салтанатты іс-шара кезінде өндірістің озық та тәжірибелі мамандарына еңбек ардагері медалі табысталды. Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылған форум аясында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. 

Сәкен Ділдахмет, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Жыл сайын әртүрлі тақырыпта өткіземіз. Өзінің ерекшелігі де бар, биыл біз еңбек кз өзіміздің электронды еңбек биржасы мен автоматтандырылған ресурстарымызды көрсетіп жатырмыз. Жыл сайын өсуде. Биыл мысалға фотокөрме өткіздік, сала мамандарын таныстырып жатырмыз. Осындай  үлкен қызық ерекшеліктері бар.