СҚО-да субсидиядан қағылған фермердің құқығы қорғалды
Солтүстік Қазақстан облысында субсидиядан қағылған фермердің құқығы қорғалды.
Ол химиялық өңдеу шараларына мемлекеттен 2 млрд. теңге алуы тиіс еді. Бірақ, ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері өтінішін кері қайтарған. Кәсіпкер бірден прокуратураға шағымданып, тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, шенеуніктердің шешімі заңсыз деп танылып, екі лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Ал, шаруаға 1 млрд. теңгеге жуық ақша аударылды. Субсидияның қалған бөлігі кейін төленеді. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 2 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Әбу-Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
- Заңды түрде жаңағы субъектінің барлық құжаттары болған. Және де енді талап бойынша олардың, заң бойынша олардың жаңағы жағдайы дұрыс. Бірақ, мемлекеттік органдар оны уақыты бермей, біз оны ол жөнінде ұсыныс енгізіп, мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тарттық.