Атырау облысынан екі ауданның әкімі сайланады
Қараша айында өтетін аудан әкімдерінің сайлауында Атырау облысынан екі ауданның әкімі сайланады.
Бұл тізімге Исатай және Қызылқоға аудандары енді. Қазір сайлау учаскелерінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну мерзімі 16 қыркүйектен басталып, 5 қазан күні сағат 18.00-де аяқталады.
Азамат Айманақұмов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Қазіргі уақытта облыс бойынша осы екі ауданға қатысты кандидаттардан әзірге өтініштер түскен жоқ. Сайлау комиссиялдарының мүшелерін оқытуды жүзеге асырып жатырмыз. Жалпы, 2 аудан бойынша Исатай ауданында 15 учаскелік сайлау комиссиясы, Қызылқоға ауданы бойынша 19 сайлау комиссиялары, учаскелері жұмыс жасайды. Олардың барлығы да қазіргі уақытта сайлау өткізуге дайын.