«Бала барысы» ашық біріншілігі басталды. LIVE

Қызылордада қазақ күресінен «Бала Барысы» ашық біріншілігі басталды.

Жас балуандардың арасынан  мықтыны анықтайтын дүбірлі дода облыстың 85 жылдығы мен «Қала күніне» арналып отыр. Сайдың тасындай іріктелген 34 спортшы боз кілемде бағын сынап жатыр. Жеңімпазға алтын белбеу мен тайтұяқ табысталады. 

Қамбар Бекенов, тілші

- Иығына қасқыр терісін жамылған 14-15 жастағы балуандар боз кілемдегі қарсыласын  жеребе арқылы анықтады. Ашық біріншіліктің баса назар аударатын бір ерекшелігі балуандардың әрбір қимылы жоғары технологиялы VAR жүйесі арқылы бақыланып, ютуб арнасында тікелей эфир жүргізіліп жатыр. 8 командаға бөлінген ұландардың салмағы 55 келіден басталады. Белдесулерге халықаралық дәрежедегі төрешілер қазылық етіп жатыр. Осымен екінші рет Сыр өңірінде жалауы көтерілген сайыс жеңімпазы республикалық бәсекеге жолдама алады. Одан бөлек қаржылай сыйақылар тағайындалған. 

Жастар карнавалы, Кітап фест шараларымен басталған қала күні мерекесінің осы бала барысы жарысы көркін қыздырды. Кешке дейін созылатын сайыста айрықша күш-жігерімен танылған темір қанат жас түлектер әлемдік дүбірлі додаларда Алашқа олжа салады деп сенеміз.