Абай облысында мобильді көмек қызметі іске қосылды

Абай облысындағы мектептерде 350-ге жуық психолог-педагог жұмыс істейді.

Өңірде оқушыларға психологиялық көмек көрсететін орталықтардың саны көбейіп келеді. Аймақта жыл басынан бері білікті мамандардан құралған «Мобилді көмек қызметі» жұмыс істей бастады.

Динара Қалиева Курчатовтағы №1 орта мектепте педагог-психолог болып еңбек етеді. Жиырмаға жылға жуық еңбек өтілі бар маман жұмыс барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Оқушылармен де, ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Динара Қалиева, педагог-психолог:

- Анономдік сауалнамалар өте тиімді. Анонимдік сауалнамада бала ылғи да шындығын жазады. Сол арқылы біз тексеру барысында анықтап, ары қарай алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Бірақ та қазіргі таңда дейін ешқандай ондай қатігездік көрген балалар әлі кездескен жоқ.  

Блиц:

- Ондай болмауы керек. Және де сыныпта дос болу керек. Және де ол туралы біздің мектепте мұғалімдер де, психологтар да бізге ай сайын айтып тұрады. Жиындар болып тұрады өзімізде. Және де сыныпта ондай нәрсе жоқ. Ешкімнің киіміне қарамау керек. Яғни Адамның ішкі дүниесіне қарау керек.

- Сыйлау керек. Бірге жүріп, дос ретінде жүруі керек. Ата-аналар да айтады. Ондай нәрсе жасауға болмайды деп. Тыныш жүрсін деп.

- Негізі кемсітпеу керек. Өйткені керісінше үйрету керек. Сабақтан жаман болса үйретіп көмектесу керек.

Азамат Қасым, тілші:

- Өңірде оқушыларға психологиялық жәрдем көрсету мақсатында «Мобилді көмек қызметі» жұмыс істеуде. Пилотты жоба 10 мектепке енгізілген.

Гүлмира Уәлиева, Абай облыстық инновациялық әдістемелік орталығының инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері:

- Жұмыстың басты мақсаты дер кезінде тәуекел топтағы оқушыларды анықтап, оларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және әртүрлі мәселелердің  алдын алу болып табылады. «Мобилді көмек қызметінің» құрамында 5-6 маман болу керек.

Мобильді қызмет құрамына енген мамандар жыл басынан бері оқушылармен және ата-аналармен 500-ге жуық кездесу өткізіпті. Абай облысында осы саладағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында педагог-психологтар қауымдастығы жұмыс істейді. Ал өңірдегі 302 мектепте 349 психолог еңбек етеді.

Авторлары: Азамат Қасым, Берік Жобалайұлы