Министр ең көп қоқыс шығаратын өңірді атады

Министр ең көп қоқыс шығаратын өңірді атады

Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев стихиялық қоқыс үйінділерін жою жайлы айтты

Оның баяндауынша өткен жылдың қорытындысына сәйкес ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылған.

Қоқыс орындарының ең көбі Ақмола облысында. Барлығы – 830, оның 88%-ы жойылды. Мұнан кейінгі орында Қарағанды облысы тұр. Ондағы қоқыс орындарының саны – 745. Бұл өңірдегі стихиялық қоқыс үйінділері толық жойылды деуге болады. Яғни 99%-ы жойылды – дейді министр.

Осы жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның небары 50%-ы жойылған.

Қоқыстарды жою жұмыстарының төмен көрсеткіштері Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20% және Астанада – 30%. Бүгінгі таңда GPS-датчиктердің көмегімен қоқыс шығаратын техниканың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. Келесі жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр – деді Ерлан Нысанбаев.