Елде компьютерлік томография қолжетімді болды
Онкологиялық ауруларды «Жасыл жол» бағыты арқылы ерте анықтауға болады.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында тексеру жедел-детілді. Нәтижесінде биыл қатерлі ісіктің ерте диагностикасы 5,5 пайыға ұлғайды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, 3 жылда консультациялық, диагностикалық көмек үлесі 7 есе өскен. Қымбат компьютерлік томография қызметтерінің қолжетімділігі 9 есе, МРТ - 6 есе артты. Жарты жылдың өзінде 200 млн науқасқа консультациялық, диагностикалық қызмет көрсетілген. Ажар Ғиният жалпы практика дәрігеріне, кезекті азайту үшін мейіргерлік қабылдау функциялары кеңейтілгенін жеткізді.