Балалар аутизмін ерте диагностикалау туралы келісімге қол қойылды
Бесінші рет өткен «Асыл Мирас. Аутизм. Баршамызға бір әлем» халықаралық конференциясында балалар аутизмін ерте бастан диагностикалайтын құжатқа қол қойылды.
Меморандум Қазақстан мен АҚШ арасындағы медициналық мүмкіндіктерді күшейтіп, елдегі аутист балалардың қоғамға бейімделуіне ықпал етпек. Жиында Ұлыбритания, АҚШ және Австралия елдерінен келген профессорлар баяндама оқыды. Қазір елімізде 12 орталық жұмыс істейді. Онда «аутизм» диагнозы бар балалар арнайы білімді тегін алады.
Алмаз Шарман, Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы:
- Меморандум көп мүмкіншілік береді. Лос-Анджелес мамандары бізге келіп, біздің мамандарды үйретуге, сондықтан «систематический подход» дейді ғой, тәжірибе беруге, сосын біраз білім әкеледі. Тағы да біздің үмітіміз бар, Орталық Азия, басқа мемлекеттерге көмек көрсетуге ой бар бізде.