Әрбір төртінші қазақстандық елдегі үш мегаполистің бірінде тұрады

Әрбір төртінші қазақстандық еліміздегі үш мегаполистің бірінде өмір сүреді.

Миграциялық ағымның өсуі еліміздің ірі қалаларындағы халық санының артуына себеп болып отыр.  Мамандар ішкі көші-қон реттелмесе, бұл үрдіс инфрақұрылымдық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді күрделендіруі мүмкін дейді. (графика) Мәселен, осыдан бес жыл бұрын Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары ел халқының 20,8 пайызын құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 24 пайызды алқымдап қалған. Еліміздің ірі қалаларына қоныс аудару 2017 жылдан бері бәсеңдемей келеді. Елорда тұрғындарының саны осы уақыт аралығында 82,3 пайызға артқан. Алматы қаласында да осыған ұқсас жағдай. Миграциялық ағымның өсуінен шаһар халқы он жылдың ішінде 700 мыңнан 2,2 миллион адамға дейін өскен. Сала мамандары бұл үрдіс ірі қалалардың инфрақұрылымына зор салмақ түсіріп отырғанын айтады. 

Мегаполистерде халық санының өсуі

Астана  2017 жыл – 1 млн

Астана  2018 жыл – 1 млн

Астана  2019 жыл – 1,1 млн

Астана  2020 жыл – 1,1 млн

Астана  2021 жыл – 1,2 млн

Астана  2022 жыл – 1,3 млн

Астана  2023 жыл – 1,4 млн

***

Алматы  2017 жыл – 1,8 млн

Алматы  2018 жыл – 1,8 млн

Алматы  2019 жыл – 1,9 млн

Алматы  2020 жыл – 1,9 млн

Алматы  2021 жыл – 2,1 млн

Алматы  2022 жыл – 2,1 млн

Алматы  2023 жыл – 2,2 млн