Жезқазғанда жер үйлерге газдың таралуын анықтағыштар орнатылды

Жезқазғанда пешпен жылытылатын үйлерге улы газды анықтайтын дабыл қондырғылары орнатыла бастады.

Құрылғы 100-ден астам үйде пайда болады. Бұл жұмысты Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жылыту маусымы аяқталғанша жүргізеді. Былтыр қондырғының көмегімен бірнеше қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болған. Жалпы өткен жылыту маусымында жеке тұрғын үй секторында 200-ге жуық өрт тіркелді. Олардың дені көмірмен жанатын пештен шыққан.

Дидар Құйқабаев, қалалық ТЖБ бастығы:

- Жалпы қаламыздың аумағында 1761 үй қатты отын пайдаланатын тұрғын үй тізімінде бар. 115 үй әлеуметтік осал топтары құрылды. осы аталған топ үй иелерінің үйлеріне Жезқазған қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері улы газды анықтайтын датчиктерді орнатуда. Биылғы жылы жыл басынан бері  51 үйге датчиктер орнатылды. Былтырдан бері жалпы 115 үй дедік, соның 72-сіне орнатылды.