Абай облысында әкім сайлауына 54 миллион теңге жұмсалады
Жергілікті мәслихат шешімімен бір қала мен бір аудан пилотты өңір ретінде бекітілді.
Курчатов қаласы мен Абай ауданының тұрғындары 5 қарашада өз таңдауын жасайды. Сайлау науқаны аймақта бір апта бұрын басталды. Әзірге бір адам кандидатурасын ұсынған. Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімін дайындап жатыр. Екі өңірдің шамамен 16 мыңға жуық тұрғыны маңызды науқанға қатысуы тиіс.
Наталья Фесенко, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Абай ауданында 13, Курчатов қаласында 12 сайлау учаскесі тіркелген. Комиссия жұмысты бастап кетті. Бұл қанатқақты жоба әкімдердің жауапкершілігін арттырары сөзсіз. Оларды халық сайлаған соң сайлау алды бағдарламасында берген уәдесін орындауға тырысатыны анық.