Ауыр жүк көліктер үшін он учаскеде жол ақылы болады
Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 2334 шақырымдық II және III санаттағы 10 учаскеде ауыр жүк көліктері үшін жол ақылы болады.
Көлік министрі Марат Қарабаев "Бұл жолдарда шетелдік жүк көліктері көп жүреді. Енді жол сапасын сақтау үшін осындай шара қабылдауға мәжбүрміз" дейді. Одан бөлек министр республикалық маңызы бар тас жолдарда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жайында баяндады.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Жалпы республикалық жолдарда 6400 км шақырымды шұңқырлы жолдарда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 3.6 мың бұл құрылыс және реконструкциялау жұмыстары. Ал 2.8 мың киллометр бұл жөндеу жұмыстары. Ең қиын жағдай ол Қалбатау мен Майқапшағай арасы ең қиыны. Жалпы жолды толық іске қосу келесі емес 2025 жылға жоспарланып отыр. Атырау мен Астрахань арасы, Алматы мен осы Астананың арасы, Қарағандыға дейін болған жол оларды келесі жылы толық іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз.
Автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындығы
"Қазавтожол" ұлттық компаниясы биылғы қыста республикалық жолдарды күтіп ұстауға 269 техника жұмылдырады. Көктайғаққа қарсы материалдар сақталатын және арнайы техникаға қызмет көрсететін өндірістік базалар мен жылыту пункттерінің дайындығы пысықталды дейді компания басшысы.
Мейірхат Қасымбаев, "Қазавтожол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:
- Биыл 300 ге жуық техника жаңадан сатылып алынып жатыр. Қысқы мерзімдер басталғанша ол техникалар толығымен біздің пайдалануымызға түседі. Елімізде 2704 шақырым құрап отырған арнайы қармен басып қалатын участоктар бізде айқындалған. 5-6 күнге дейін жабылып қалатын жолдарды биыл біз 2 есеге дейін азайтамыз ба деген үміттеміз.