Алматы облысында ғылыми-теориялық конференция өтті
«Алаш рухты ақын». Алматы облысы, Диірмен ауылында ақын Шарғын Алғазыұлының туғанына 120 жыл толуына орай ғылыми-теориялық конференция өтті.
Шарғын Алғазыұлы 24 жылын Қытайда өткізді. Сонда ағартушылықпен айналысып, мұғалім, мектеп директоры, мәдениет бөлімі меңгерушісі, халық кеңесінің хатшысы сияқты қызметтер атқарады. Ақын Таңжарық Жолдыұлымен бірлесіп, Құлжада тұңғыш қазақ газеті "Іле газетін" шығаруға ат салысады. Оның азаттықты аңсаған өршіл өлеңдері кейнігі ұрпаққа мұра болып қалды. Кейін туған жерге оралып, қызмет атқарды. Жиында ғалымдар ақының өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеу еңбектеріне тоқталды. Оның өлеңдер жинағы «Көшкеруен» деген атаумен жарыққа шыққан.
Нұрлан Оразалин, мемлекет және қоғам қайраткері:
- Шарғынның тағдыры, өмірі, жазған сызғанның барлығы жай ғана ауыл арасындағы поэзия емес, өлең емес. Ол шын мағынасындағы өзінің құйқалы, көрнекті, өрнекті, бейнелі образды тілге бай Абай мектебінің 20 ғасыр басындағы ірі жалғастарының бірі, жаңғырығы секілді.
Тілеухан Алғазиев, Ш. Алғазиевтің ұлы:
- Ол кісінің өлеңдерінің көбі жастарды білімге шақыру. Олан кейін Қазақстанның тәуелсіздігін армандады. Елдің бірлігін армандады.
Бақыт Жағыпарұлы, мәдениет қайраткері:
- Биыл міне толыққанды М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары бірлескен. Кенжехан Матыжанов, Сағатбек Медеубекұлы сынды ғалымдар бұл кісінің қолжазбасын іріктеп сұорыптап екі томдық шығармалар жинағын шығарды.