Алматыда «1st business and science event» форумы ашылды

Ғылым мен өндірісті байланыстыратын шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы  ұйымдастырып отыр.

Форум аясында беделді кәсіпкерлер мен ғалымдар ғылымның әлеуетін өндірісте пайдалануға қатысты ой алмасып, шеберлік сабақтарына  қатысты. Сондай-ақ, бизнес үшін сәтті деп танылған жобалар бойынша бірнеше келісім жасалды. Атап айтқанда, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Mining Technology компаниясы әріптестік туралы өзара меморандумға қол қойды. «Мұндай шаралар ғалымдардың үздік ғылыми жобаларын өндіріске енгізуге мүмкіндік береді», - дейді ұйымдастырушылар. Форум барысында ғалымдардың коммерциализацияға дайын ғылыми-инновациялық жобаларының көрмесі өтті.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі:

- Біздің ғалымдардың жасаған жетістіктері мақалалары, идеялары, патенттері бәрі жатыр босқа, шаңның астында өкінішке орай бізде дұрыс мақсат қйылмады. Академия бір бөлек, ғылым бір бөлек кетті. Біз бұл кемшілікті жоямыз.

Мұрат Төлеген, кәсіпкер:

-Менің тұтынушым кім, кәсіпкермін ғой,  менің тұтынушым қарапайым халық. Ал, ғалымдардың тұтынушылары кәсіпкерлер ғой, енді мына ортадағы байланыс үзіліп кеткен сияқты. Бұл жердегі айтпағым әр адам өзінің рөлінде болатын болса, жұмыс керемет жүреді деп ойлаймын.