Алматыда айтыс өтті
Биыл «Алтайдың Кербұғысы» атанған қазақтың қабырғалы қаламгері Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл.
Осыған орай бүгін Алматыда айтыс өтті. Ел өңірлерінен келген Жансая Мусина, Серік Қуанған, Аспанбек Шұғатаев, Шұғайып Сезімхан, Қазірет Бердіхан, Мұхтар Ниязов, Ардабек Ақбаба сияқты 14 айтыскер көрерменнің көкейіндегісін дөп басып, өлеңсөздің көрігін қыздырды. Олар сахнада Оралханның өміршең шығармалары мен елдің бірлігі үшін айтқан салмақты ойларын өлеңмен өрді. Ақындардың өнеріне Әсия Беркенова, Ұлықбек Есдаулет, Бауыржан Қалиолла сынды қазылар алқасы төрелік етті.
Әлібек Асқаров, жазушы, қр еңбек сіңірген қайраткері:
-Оралханның шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар айтады, Оралхан жалпы ылғи өсу үстінде болды. 49 жаста өмірден кетіп қалды. «Қайдасың қасқа құлыным», алғашқы шығармаларынан бастап, «қамшыгер», соларда бір үлкен романтика бар болатын, жастарға тән, содан кейін Бейімбеттің стилі секілді небір қазақтың характерлерін ашатын ауыл хикаялары өмірге келді. «Атау кере» шынында да бір эпикалық биыкке көтерілген дүние.
Шұғайып Сезімханұлы, айтыскер ақын:
- Оралхан шығармасын біз мектепте жүрген уақытта оқыдық. «Кербұғысы» бар, «Қайдасың қасқа құлыным», «Торғай мінген ақбозат», «Қасқыр ұлыған түн», дейміз, міне осының бәрімен таныспыз. Бірақ айтыс болады деген хабар естігеннен кейін бір айдың ішінде Оралханның көптомдығын алып қайтадан қарап шығып, осының бәрін тілге тиек етсек деп отырмыз, сахнада.