Ақтауда республикалық құран кәрім байқауы басталды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облыстық "Бекет ата" орталық мешітіне жиналған қатысушыларды құттықтады.

Байқау мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеруді мақсат тұтқан. Қоғамның руханиятын дамыту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қарилар Құран Кәрімнің 30, 20 немесе 10 парасын жатқа айту мен мәнерлеп оқу өнерін ортаға салады. Үздіктер ертең белгілі болады, бас жүлдеге автокөлік, сайыста одан басқа оза шапқандарға қаржылай сыйақылар табысталады.

Наурызбай қажы Тағанұлы, қмдб төрағасы, бас мүфти:

- Жуырда ғана біздің мемлекет басшымыз Қ-Ж.Т БҰҰ мінберінде қасиетті құранды қазіргі таңда құқықтық дәрежеде қорғау керектігін айтып өтті. Біздің мақсатымыз да қасиетті құранды кеңінен елімізге насихаттау. Алла тағала қасиетті құранда айтады ғой, расында бұл кәтап адам баласын жақсылыққа, мейірімге, әділдікке, адалдыққа бастайтын кітап дейді.

Іздібай Қобыланов, Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің наиб имамы:

- Ата-балаларымыздың осы дәстүрін жалғастырып, киелі Маңғыстау өлкесінде бүткіл Қазақстан бойынша қариларды шақырып мол сауапқа бөленсек деген ниетте ұйымдастырылғалы жатыр. Жалпылама 100-ге жуық қарилар соның ішінде 80-і қазір өздерінің бақтарын сынап сынап жатыр.