2 қазан – Халықаралық дәрігер күні
Бүгін – Халықаралық дәрігер күні. Қазанның бірінші дүйсенбісі ақхалатты жандарға арналған.
Бізде қалай? Былтырғы қорытынды бойынша елде жалпы өлім көрсеткіші 29%-ке төмендеген. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 32, қатерлі ісіктен келетін қайғылы жағдай 7, ал жарақаттан жан тапсыру 5%-ке азайды. Бұдан бөлек, ана өлімі 3 есе, нәресте өлімі 8%-ке кеміді. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай нәтижеге 78 мың қазақстандық дәрігер мен 180 мыңнан астам орта медицина маманының қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік деп мәлімдеді.
Алла Киялова, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аға дәрігері:
- Ең бастысы, көмектің уақытылы көрсетілуі маңызды. Біздің міндетіміз де сол. Адам өмірі ақхалаттылардың жедел әрекетіне байланысты. Бұл жерде әріптестерімнің кәсібилігін ерекше атап өткім келеді.