Аудан әкімінің сайлауы: Үміткерлер белсенді
Түркістан облысында аудан әкімі лауазымына 23 кандидат құжат тапсырды.
Оның 12-сі Бәйдібек пен Созақ аудандарынан, 7-уі Мақтаарал, қалғаны Шардара ауданынан ұсынылған. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, тексеру кезінде екі кандидаттың құжаты мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамаларға сәйкес келетіні анықталды. Бір үміткер кандидат ретінде ресми тіркеліп, куәлік алды. Кандидаттардың бәрі ер азаматтар. Ең жасы - 29 жаста болса, үлкені - 58 жаста. Айта кетейік, Түркістан облысында 4 ауданның әкімі қайта сайланады.
Жеңіс Мақұлбаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Қандай тәртіппен ұсынылып жатыр дейтін болсаңыз, көбінесе өзін-өзі ұсыну тәсілімен орын алып жатыр. Сондай-ақ саяси партиялардың атынан, оның ішінде «Аманат» партиясының ұсынған үміткерлері бар. Басқа да партиялардың ұсынған кандидаттары бар. Белсенділігіміз жақсы деп отырмыз ғой. 5 қазанға дейін енді саны артуы әбден мүмкін.