Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде ауыл әйелдерінің рөлі зор

Сондықтан оларға қолдау қажет. Астанада өткен ауыл әйелдерінің I Республикалық алқалы жиынына қатысқан атыраулық суретші Камила Жапалова осылай дейді.

Қазір ауылда он саусағынан өнер тамған, шағын кәсібін бастап шаруасын дөңгелетіп отырған аналар көп. Ал суретші-дизайнер бала тәрбиесімен үйде табыссыз отырған қыз-келіншектерге қол ұшын созсақ дейді. Ол үшін қазақтың киіз басу өнерін жаңғыртпақшы. Оған елімізде шикізат та жеткілікті. Қыруар қаражат талап етпегенмен етпегенімен, шағын цех ашу үшін мемлекеттен қолдау қажет, деп отыр.

Камила Жапалова, суретші (Атырау облысы):

- Әйелдерге табыс көзін табу үшін біз сол ауылда киіз басу өнерін қалыптастырсақ дейміз. Киіз басу өнері ұмытылып бара жатыр. Ол біздің көне тұрмыс-тіршілікке қолданылған дүниеміз. Қазіргі кезде синтетикалық өнер көп. Сол себепті онша қажет етпей, жаратпай жатырмыз. Бірақ ол біздің ата-әжелерімізден қалған өнер. Ауылда мал да бар, малдың жүні де табылады. Сол әйелдерге табыс көзін ашуы ретінде киіз басу цехтарын ашу көзделіп отыр. Оған зейін қойып қарасақ бастау беруге көп қаражат та керек етпейді. Сондықтан осыны қолға алуымыз керек.